Бұрын әрі ағатын газ енді бері ағады. Қазақстан мен Ресей газ транзиті туралы шартқа қол қойды

1186
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық QazaqGaz және ресейлік Газпром компаниялары Қазақстан аумағы арқылы табиғи газ транзиті бойынша келісімшарт жасасты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Петербург Халықаралық экономикалық форумы шеңберінде «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер ресейлік табиғи газды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан мен Қырғызстанға тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттарға қол қойды.

Қол қойылған шарттардың қолданылу мерзімі 2040 жылдың соңына дейін, 15 жылды құрайды.

Бұл жобалар Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің транзиттік әлеуетін кеңейтуге, Республиканың газ саласы үшін экономикалық пайданы ұлғайтуға, өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосады.

Келісімшартқа қол қою щарасы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен өтті.

Еске салайық, «Орталық Азия – Орталық» газ құбыры арқылы Өзбекстанға ресейлік газды жеткізу 2023 жылы 7 қазанда басталғанын болатын. Салтанатты рәсімге үш елдің президенті – Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин және Шавкат Мирзиеев қатысты.

Пікірлер