Казталовта мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

964
Adyrna.kz Telegram

Бүгін аудан орталығындағы «Достық» саябағында мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов қатысты.  Аудан әкімі аудан халқын айтулы мерекемен құттықтап,  жылы лебізін білдірді. 

— Мемлекеттік рәміздер — еліміздің кешегісі мен бүгінін сабақтастырып,  ертеңіне жол бастар құдіретті күш.  Әр отандасымыз халқымыздың арманын асқақтатқан Туымызды жерге жықпай, ел тарихының ертеңіне тамыр тартқан  Елтаңбаны қадірлеп,  бірлік пен татулыққа үндеген Әнұранды жатқа біліп,  құрметтеуі қажет.  Мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық,  отбасыларыңызға амандық,  еңбектеріңізге толайым табыстар тілеймін.  Тәуелсіздігіміздің символы саналатын мемлекеттік  рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін!, — деді аудан әкімі.  

Салтанатты шарада Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты,  Казталов ауданының соты,  аудандық орталықтандырылған кітапхана,  аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы,«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, күтіп ұстап, насихаттау жұмыстарын белсенді жүргізгені үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.  Ал Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Руслан Мусин мемлекеттік қызметшілердің антын қабылдады.

Іс-шарада аудандық мәслихат депутаты Серікбол Қадемов,  Бостандық ауылдық округіне ту тұғырын орнатқан түлектер атынан Әсет Хисемиденов сөз алып, аудан жұртшылығын мерекемен құттықтады. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын бейбіт күннің батыры, №11 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Мержан Жанғалиев және су тасқыны кезінде аянбай еңбек еткен Казталов ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы,  азаматтық қорғау капитаны Айнар Сәкенов көтерді. 

Айтулы мерекеге орай аудан орталығында авто және велошеру ұйымдастырылды.  

 

Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер