Ақтауда есірткі сатты деп айыпталған ер адамның сотына қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп.
4 маусым күні Маңғыстау облыстық соты облыс прокуратурасының БҚО Полиция департаменті бастығы орынбасарының ұлына қатысты арызын қарады. Сот алқабилердің ақтау үкімінің күшін жойды.
"Қылмыстық іс жаңа сот талқылауына жіберілді. Сотталушы сот залында қамауға алынды", - деп хабарлады прокуратура.
Айта кетейік, 15 мамыр күні Ақтауда алқабилер соты есірткі сатты деп айыпталған полиция полковнигінің ұлын ақтап шыққан еді.