Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты басты сот талқылауы басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Айта кетейік, Абылай Мырзахметовке қылмыстық кодекстің 28-бабы 4-бөлігі – 367-бабы 4-бөлігі (пара беруге көндіру), 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша айып тағылған.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы 10 мамырда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталған болатын. Ол Боранбаевтың ағасынан 30 миллион доллар алды деп айыпталуда.