Ақтауда сот полиция полковнигінің ұлына қатысты ақтау үкімінің күшін жойды

2280
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/sot-үkimimen-960x500.jpg?token=7900dcaf8c03cf28f724842aedd60914
Ақтауда есірткі сатты деп айыпталған ер адамның сотына қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп.  4 маусым күні Маңғыстау облыстық соты облыс прокуратурасының БҚО Полиция департаменті бастығы орынбасарының ұлына қатысты арызын қарады. Сот алқабилердің ақтау үкімінің күшін жойды.
"Қылмыстық іс жаңа сот талқылауына жіберілді. Сотталушы сот залында қамауға алынды", - деп хабарлады прокуратура.
Айта кетейік, 15 мамыр күні Ақтауда алқабилер соты есірткі сатты деп айыпталған полиция полковнигінің ұлын ақтап шыққан еді.
댓글
기타 기사