Халықаралық балаларды қорғау күнінде «Жас дәурен» лагері алғашқы жазғы ауысымды қабылдады. Алғашқылылар болып Шортанды ауданынан жүзге жуық бала демалысын облыстың қала сыртындағы лагерінде бастады.
«Балаларға осы күндері көңілді эстафеталар, сурет үйірмесінде, ағаш өңдеу шеберханасындағы жұмыстар, би кеші, кешкі кинотеатр, көңілділер клубы ұйымдастырылды. Стадионда отряд арасында футбол, волейбол жарысы да өткізіледі. Демалушы балалар 5 мезгіл тамақтанады»,-дейді лагерь басшылығы.
Осы жазда қала сыртындағы демалыс 15 маусымдық балалар сауықтыру орталығы мен 2 жыл бойы жұмыс істейтін лагерлерінде өткізіледі. Облыс аумағында үзбей жыл бойы Сандықтау ауданындағы «Жас дәурен» лагері және Бурабай ауданындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы жұмыс жүргізуде. 15 маусымдық лагерьдің 7-і мемлекеттік және 8 жеке ұйым. Мемлекеттік лагерьлер Солтүстік Қазақстан облысының Ақкөл, Зеренді, Бурабай, Ерейментау, Сандықтау аудандарында және Айыртау ауданында жұмыс жүргізетін болады. Жеке лагерьлер Бурабай, Зеренді, Целиноград және Біржан сал ауданында орналасқан.
Жаз бойы барлығы балалар 7-10 күнге созылатын 6-7 ауысымда демалады.
«Жаз бойы қала сыртындағы лагерьлерде 14 500-ге жуық ақмолалық оқушыны қамту жоспарланған. Олардың бір жарымнан астамы тегін демалады. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан жолдама сатып алуға 121,5 млн. теңге қарастырылған», - деп бөлісті облыстық басқарма басшысы Шоқан Оразалин.
Сонымен қатар, жазғы кезеңде облыстың 265 оқушысы «Балдәурен» республикалық орталығының филиалдарына барады. 5 маусымнан бастап әлеуметтік осал топтардың 150 баласы «Звездный» БСО базасында сауықтырылады.
Қазіргі уақытта ҚР Білім министрлігімен бірлесіп «Қазақстан халқына» қорының қаражатынан ауыл мектептерінің 5-8 сыныптарының 1005 оқушысына тегін демалыс ұйымдастыру туралы мәселе пысықталды. Олар шығармашылық, интеллектуалды, спорттық жарыстар мен фестивальдердің жеңімпаздары.
Сонымен қатар, 34 мыңнан астам баланың қатысуымен тамақтанатын 198 мектеп жанындағы алаң және 56 мыңға жуық оқушы демалатын тамақсыз 290 мектеп жанындағы алаң жұмысы ұйымдастырылуда.
Тәуекел тобындағы балалар да, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарындағы балалар да назардан тыс қалмайды. 7000 баланың қатысуымен балалардың жазғы демалысының 47-ге жуық аз шығынды нысандары жұмылдырылады. Бұл өлкетану жорықтары, экскурсиялар,шатырлар, киіз үйлер.
Барлық демалыс түрлерімен 120 500 ақмолалық бала қамтылатын болады.