«Жетісу» ФК директорының қамалуына қатысты істің мән-жайы айтылды

801
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғаны жайлы түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оған бюджеттің 85,4 млн теңге көлемінде қаражатын ұрлады деген айып тағылған. Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті бұл ақшаны 2022-2023 жылдары ұрлаған. Сома оқу-жаттығу жиындарына бөлінген.

«Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексеріледі. Тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлады антикор.

Бұған дейін "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Ақпаратты Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі растады. Онда тергеу органдарының 2 ай мерзімге Дөңсебаевқа қатысты қамауда ұстауға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырғанын хабарланды.

Пікірлер