Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болған қылмыстық топ ұсталды

1382
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қырғызстан ҰМКҚ
Фото: Қырғызстан ҰМКҚ

Қырғызстанда қолдан жасалған жарылғыш заттарды қолданып, билікті қарулы түрде басып алуға әрекеттенген бес азаматты ұсталды. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Билікті күшпен басып алуды және жаппай тәртіпсіздіктер арқылы жағдайды тұрақсыздандыруды жоспарлаған топтың әрекеті тоқтатылды. Қ.Б.А., М.Е.Ж., Б.Б.К., М.А.Ж. мен С.А.Б., ҰҚК уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады ведомстводан.

Топ қылмыстық идеология мен радикалды діни көзқарастарды қолдайтын тұлғалардан құралған. Тінту кезінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың құрамдас бөліктері, атыс қарулары, оқ-дәрілер, рациялар, броньдар, полиция киімдері, дрондар мен экстремистік әдебиеттер табылды.

 

Пікірлер