Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыдағы саябақтың бірінде тегін балмұздақ таратылды. Алайда тәттіге жармасқандардың әрекеті көптің ашуына тиді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бейне әлеуметтік желіде тараған. Видеодан тегін балмұздаққа таласып, бірін-бірі жыққан. Алайда мереке қарсаңында тегін таратылған тәттіге тек балалар ғана емес, ересек адамдар да таласқан.
“Тіпті Африкадада балалар су ішу үшін кезекте тұрады”, “біздегі менталитет осындай", - дейді желідегі оқырмандар.
Ұқсас жаңалықтар
«Шетелдегі қазақ балаларының» эфирге оралуы шенеуніктің жұмыстан кетуіне түрткі болды – Жанар Байсемізова
Алматыда Қазақстан Халық партиясы төрағасының қатысуымен сайлауалды бейбіт үгіт-насихат іс-шарасы өтті