Назарбаевтың жиені. Нұрәлі Әлиевтің шатқалға сапары жарияланды

107
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gtgMPbkQaejLoJkx08WlNr419M8KWeZCzapLKDNT.jpg

Алматы тұрғындары мен қала қонақтары Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевпен бірге Горельник шатқалына барып, таңғы ас ішуге мүмкіндік алады. Кездесу 25 ақпанға жоспарланған.

Қатысушылар шатқалға жиналып, таңғы жаттығу жасап, кейін суға түсіп, таңғы ас ішу барысында бір-бірімен танысады. Қатысу тегін, алайда барғысы келетіндер алдын ала сауалнама толтыруы қажет. Онда жұмыс орны мен лауазымы көрсетіледі.

Кездесуді SM's 5 AM Club бірлестігі ұйымдастырады. Бұл қауымдастық күн сайын ерте тұрып, белсенді өмір салтын ұстанатын адамдарды біріктіреді.

Жуырда миллионер Нұрәлі Әлиев адамзатқа «сана биігіне жетуге» көмектесетін жаңа қозғалыс құрып, елді таңғалдырған еді. Қазір ол өзін тек кәсіпкер ретінде ғана емес, рухани бағыт-бағдар беруші тұлға ретінде де танытып жүр. Нұрәлі Әлиев бұл өзгерістерді жақын адамынан айырылғаннан кейінгі ой толғаныстарымен байланыстырады.

Айта кетсек, Forbes журналының Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізімінде Нұрәлі Әлиев 39-орында тұр, оның байлығы 289 миллион доллар деп бағаланған.

Пікірлер