Батыс Қазақстанда монша мен тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеп.
Оқиға түнгі 2-лер шамасында болған.
«Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында монша өртеніп, жалын жеке тұрғын үй мен гаражға тарады», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Кейінірек құтқарушылар 198 шаршы метр аумақтағы өртті толығымен сөндірген.