Жұмыс берушілер ауылдық жерлерде жалға берілетін тұрғын үй құрылысына субсидия ала алады

1681
Adyrna.kz Telegram
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Мемлекет басшысының Ауылдық жерлерде өз жұмыскерлері үшін тұрғын үй салуға жұмыс берушілердің шығыстарын өтеуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі субсидиялаудың тиісті қағидаларын әзірлеп, бекітті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ережелерге сәйкес ауылда, кентте немесе ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілер 5 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік субсидиялау ала алады. Бұл қаржы 75-тен 100 шаршы метрге дейінгі тұрғын үй құрылысының шығындарын жабады.

Осы ережелер 2024 жылғы 15 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Субсидия алу үшін жұмыс берушілер қызметкермен 5 жылға еңбек шартын жасасуы, сондай-ақ пайдалануға берілген тұрғын үйге ауыртпалықтардың болмауын қамтамасыз етуі қажет.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер