Ресейлік танымал актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды

869
Adyrna.kz Telegram
Фото: moi-zametki.ru
Фото: moi-zametki.ru

29 мамыр күні танымал ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк ұзақ аурудан кейін 53 жасында қайтыс болды. Бұл туралы хабарлама оның әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Бұл жерде дұрыс сөз табу мүмкін емес және өте қиын. Бүгін түнде біздің Настя ұзақ және ауыр дерттен ақыры қайтыс болды», - делінген парақшада.

Актрисаның қызы Анна Заворотнюк қайғылы жаңалыққа қатысты парақшасына жазба қалдырды.

«Кеше түнде бізге қоңырау шалып, сенің енді «жоқ екеніңді» айтты. Анашым, сен менің өмірімде болған ең жақсы жансың. Мен сенің қызыңмын, мұны мақтан тұтамын. Менің жаным әрқашан сенімен бірге», - деп жазды марқұмның қызы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, 2018 жылы Анастасия Заворотнюк пен мәнерлеп сырғанаушы Петр Чернышевтың қызы дүниеге келді. Екі жылдан кейін оған «глиобластома», яғни, ми ісігі диагнозы қойылды.

Пікірлер