Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға орай V Халықаралық конференция өтті

1261
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 30 мамыр Алматы облысының Талғар ауданынағы Жаңалық ауылында Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған V Халықаралық конференция өтуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі жиынды ұйымдастырушы - репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларының мұрасын зерттейтін “Арыс” қоры.

Қор басшысы Ғарифолла Әнес жиынның маңызын айтып, репрессия құрбандарын зерттеу ел шеңберінен асып Орталық Азия деңгейіне көтерілгенін айтты.

Жиынға көрші Қырғызстан мен Өзбекстанның ғалымдары, Қазақстанның белгілі тұлғалары, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев қатысты.

Сондай-ақ, 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, құран оқылып, ас беріледі.

Пікірлер