Астанада мас күйінде көлік жүргізген судья қызметінен қуылды

120
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KyrDZkFp0aBQTdVjzZBmq90QGIrzkwVxC7eHpDgn.webp

Жоғары Сот Кеңесі Әсел Досаеваны судьялық әдеп нормаларын бұзды деп танып, оны Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатты, деп хабарлайды “Адырна”.

Судьяға бұдан бөлек, 200 айлық есептік көрсеткіш (786 400 теңге) көлемінде айыппұл салынғаны хабарланған.

Еске салсақ, өткен жылдың қараша айында оның мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

 

Пікірлер