Қырғыз-тәжік шекарасында 15 жастағы оқушы қаза тапты

2984
Adyrna.kz Telegram

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс салдарынан 15 жастағы оқушы қыз қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Достық ауылының тұрғыны снаряд жарақатынан қайтыс болған. Бойжеткен отбасымен бірге тәжік әскерилерінің атқылауынан қашып жүрген»,–деп жазды жергілікті БАҚ.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәлімдеуінше, бүгін тәжік тарапы шекара отрядтары мен қырғыз тарапының позицияларын атқылай бастаған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазірдің өзінде 42 адам жарақат алған.

Пікірлер