Ақтөбеде шеберлер қала күніне арнап 155 метрлік көрпе тікті

1430
Adyrna.kz Telegram
Фото: Адина Жасағанбергенова
Фото: Адина Жасағанбергенова

Ақтөбеде қолөнер шеберлері қала күніне орай көрпе тікті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақтөбе қаласының 155 жылдығы аясында қала шеберлері 155 метрлік көрпе тікті. Бәрі де су тасқынынан зардап шеккендерге табысталмақ. Биылғы шара «Күшіміз бірлікте» ұранымен өтті.

Ұйымдастырылған шараның бәріне су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар қатысқан.

"Этнофестивальдің бір бөлімі Көрпе party деп аталды. Оған Қурайлы мәдениет үйі жауапты деп бекітілді. Ақтөбе қаласындағы шеберлердің басын қосқан чатқа кіріп, қандай жұмыс атқара алатынымызды талқыладық. Ұзындығы 2 метр 30 см болатын 67 көрпе тігілді. Шеберлер арасында жеке кәсіпкерлер де, мектеп мұғалімдері де бар. Барлығы 46 шебер қатысты. Көрпенің бәрі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға таратылады, — деді Құрайлы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Сандуғаш Таубаева.

Қала күніне орай көрпе тігу туралы ұсыныс түскенде ақтөбелік шеберлер бірден келіскенін айтады.

"Мұны 10 күндей уақытта тігіп шықтық. Қызғалдақ көктемнің, Ақтөбенің де символы. Ал Құрсақ оюды таңдағанымыздың себебі Ақтөбеміздің қойнында небір байлығымыз бар. Соны көрсеткіміз келді. Жеріміз көк, молшылық болсын деген ниетпен жасылды, көз тимесін деп қызылды қолдандық. Өзім алты көрпе тігіп, сыйладым. Әр көрпеге 3,3-3,6 келі мақта салдық. Дәл осындай үлгіде алғаш тігіп отырмыз. Бұл бірнеше шебердің идеясы негізінде тігілді",  — деді фестивальге қатысқан Айгүл есімді шебер.

Пікірлер