Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі салдарынан 850 мың бала далада қалды

2961
Adyrna.kz Telegram

Біріккен ұлттар ұйымы Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісін саралап, қазіргі күннің өзінде 850 мың баланың үй-күйсіз қалғанын айтты. Пәлекеттің "адамзат тағдырын шарпығанына" бір ай өтке де, баспанасыз қалған балалардың барар жер, басар тауы жоқ. Олар әлі күнге дейін адамияттық көмекке зәру, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  

ЮНИСЕФ балалар қорының мәліметінше, жер сілкінісінің ауыр қамыты мойнына түскен қос елде екі мыңға жуық бала уақытша баспаналарда тұруға мәжбүр қалған.  Түркия мен Сирияда 6 ақпанда болған күшті жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны әлі белгісіз.

ЮНИСЕФ сарапшылары дабыл қақты. Олардың айтуынша, әлі мыңдаған бала қиын жағдайда күнелтіп жатыр. Олар көмекке, соның ішінде психологиялық көмекке қатты зәру.

"Жер сілкінісі салдарынан үйін тастап кетуге мәжбүр болған отбасылар төрт апта бойы аман қалуға тырысып келді. Олар дүмпу жалғасып жатқандықтан, зәресі ұшып отырды деуге болады", - деді ЮНИСЕФ Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Афшан Хан.

Түркиядағы 2,5 миллион балаға шұғыл гуманитарлық көмек қажет. Сириялық 500 мың адам өз баспанасын тастап кетуге мәжбүр болған. Апатты жағдайтың зардаптарымен күресу, ұйымның хабарлауынша,  көңіл көншітпей отыр.

https://twitter.com/UN/status/1632856694727364612?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1632856694727364612%7Ctwgr%5E31507e8abd1de19788e5115ebeb0424d453dfd72%7Ctwcon%5Es1_&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.zakon.kz%2F6021712-b-trkiya-men-siriyaday-zher-slkns-saldarynan-850-my-bala-baspanasyz-aldy.html

БҰҰ есебіне сәйкес, Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты. Сонымен қатар, зілзала 7 миллионнан астам баланың "балалық шағын" ойрандап, көңілдеріне көлеңке түсірді.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер