«Қай жақтың салты?» Ене мен келіннің “сүйісі” елдің ашуына тиді

1281
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Үйлену тойларының бірінде келіннің бетін ашқан үлкен енесі мен жас енесі оған шоколад беріп, бір жағын өздері тістеген. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео таралып, халықтың ашуына тиді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Видеода келіннің бетін ашқан үлкен кісі шоколадттың жартысын өз аузына салып, жартысын келінге тістетеді. Кейін бұл дәстүрлі келіннің жас енесі де қайталайды.

Желі қолданушыларының бірі «бұл дәстүр келін мен ененің ауызбіршілігі мықты болсын» деген ырым екенін айтса, енді бірі бұл қазақта мүлде болмаған салт екенін жазып, той иелерін қатты сынаған. Желі қолданушылары “бұл қай жақтың салты” деп таңырқауда.

Пікірлер