"Жалаңаштан" - "Жалағашқа". Жаңа атаулар бекітілді

1873
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында бірнеше ауыл мен ауылдық округтердің атауын өзгерту мақұлданды, - деп хабарлайды. Мәслихат Іле, Талғар, Кеген өңірлеріндегі ауыл атауларын өзгерту туралы шешім қабылдады. Тиісті қаулыны Алматы облысының әкімі шығарды.

Іле ауданында мыналар өзгертілмек:

  • Энергетикалық ауылдық округі - Өтеген батыр ауылдық округіне;
  • Энергетикалық ауылдық округінің Покровка ауылы - Кенен Әзірбаев ауылына;
  • Чапаев ауылдық округі және Чапаево ауылы - Байкент ауылдық округіне және Байкент ауылына;
  • Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы - Ақсай ауылдық округіне және Ақсай ауылына;
  • Іле ауданы КазЦИК ауылдық округінің Комсомол ауылы – Іле ауданы КазЦИК ауылдық округінің Жайнақ ауылына;
  • Іле ауданының КазЦИК ауылдық округі мен КазЦИК ауылы - Іле ауданының Асқар Тоқпанов ауылдық округіне және Асқар Тоқпанов ауылына.
  • Кеген ауданында Жалаңаш ауылдық округі және Жалаңаш ауылы тиісінше Жалағаш ауылдық округі және Жалағаш ауылы болып қайта аталмақ.

Сондай-ақ Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінде Қызыл-Ту-4 ауылы Жібек жолы ауылы болып өзгертілді.

Алматы облыстық мәслихатының бірлескен аталмыш шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Пікірлер