Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің міндеті ел үшінде аса маңызды. Олар елдің тарихын, мәдениеін дамытуға үлкен үлес қосуда, деп хабарлаймыз "Адырна" ұлттық порталы.
Мәдениет қызметкерлерінсіз дамуға, әлеуетті рухани байыту мүмкін емес. Бұл туралы министр Аида Балаева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында баяндады.
"Мәдениет пен өнер ең маңызды тәрбиелік миссияны атқарады. Оларсыз адам тұтас, дамыған, рухани бола алмайды. Мәдениет пен өнерді мерекелеу мәдени мұраны сақтаудың, патриотизмді тәрбиелеудің және қоғамымыздың жалпы мәдени дамуының маңыздылығын атап өтеді.
Мәдениет саласын дамытудағы Мемлекет басшысының рөлін ерекше атап өткім келеді.
Оның тапсырмасы бойынша мәдениетті дамытуға, оны насихаттауға және ұлттық мұраны сақтауға қолайлы жағдай жасалуда, шығармашылық ұжымдар мәдениетіміз бен өнерімізді жақын және алыс шет елдерде таныстыруда, жаңа нысандар салынып, материалдық-техникалық базасы жасақталуда. Ал бұл Мемлекет басшысының қолдауымен атқарылған жұмыстың бір парасы ғана", - деді Аида Балаева сұхбат барысында.
Өз кезегінде Мәдениет және ақпарат министрі шығармашылықтағы өкілдердің Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған президенттік реформаларды қолдап, жүзеге асыруға атсалысып жатқанын мәлімдеді. Ол мәдениетті дамыуда жанқиярлықпен жұмыс істейтін адамдарды нағыз патриоттар деп атап өтті.
"Мемлекет басшысының алдымызға қойған маңызды міндеттерінің бірі – мәдениет саясатын жетілдіруге байланысты.
2023 жылы Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі кезеңге арналған мәдениет саясатының тұжырымдамасы бекітілді. Құжат мәдени саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін, сондай-ақ нысаналы индикаторлар мен күтілетін нәтижелерді айқындайды.
Әртүрлі бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде: инфрақұрылымды дамыту, шығармашылық бастамаларды қолдау, кадрларды даярлау және қазақстандық мәдениетті шетелде насихаттау.
Әрине, қиыншылықтар бар, бірақ бұл ретте жүйелі жұмыстар жүргізілуде, түйткілді мәселелерді қалай шешуге, әрі қарай жүруге нақты көзқарас бар.
Айтпақшы, әлеуметтанулық зерттеулер халықтың осы саладағы қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі 74 пайызды құрағанын көрсетті. Бұл мәдени саясатты жетілдіру бойынша қолға алынған шаралар қазірдің өзінде өз жемісін беріп жатқанын, бірақ Қазақстанның мәдениеті мен өнерін одан әрі дамыту үшін әлі де көп жұмыс күтіп тұрғанын аңғартады.
Мәдениет қайраткерлері спектакль үшін миллиондаған теңге алады дегенге көп адамдар сенеді. Әрине, бар, бірақ олар аз. Бұл үлкен жұлдыздар, коммерциялық тұрғыдан табысты.
Дегенмен, орташа жалақыға өз шығармашылығымен бөлісуге дайын адамдар одан да көп.
Олар жұмыс жағдайына шағымданбайды және өздерінің өнеріне адал болып қалады. Олардың өз істеріне берілгендігі мен сүйіспеншілігі баға жетпес.
Бұл адамдар маңызды миссияны орындайды - олар қарапайым халыққа қуаныш пен рухани қолдау әкеледі. Бұл әртүрлі дағдарыстар кезінде өте маңызды. Бұған таяуда еліміздің батысында болған су тасқыны кезінде тұтас шығармашылық ұжымдар, жеке тұлғалар өз бастамаларымен концерт қойып, одан түскен қаржының барлығы зардап шеккендерге жөнелтіліп, бір күндік жалақыларын жинап, өз еркімен көмек көрсеткенде көз жеткіздік", - деп атап өтті министр.