"Зеленский - әлі Украина басшысы". БҰҰ мәлімдемесі

2033
Adyrna.kz Telegram
Фото: Thomas Peter/ Reuters
Фото: Thomas Peter/ Reuters

Зеленскийдің Украина президенті ретіндегі өкілеттік мерзімі аяқталды. Алайда БҰҰ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы RBK-ға сілтеп.

БҰҰ Украинаның қазіргі президенті Владимир Зеленскийді мемлекет басшысы деп қарастыруды жалғастыратынын мәлімдеді.

Ресми түрде Зеленскийдің мемлекет басшысы ретіндегі өкілеті осы жылы 20 мамырда аяқталған.  Дегенмен елдегі әскери жағдайға байланысты президенттің өкілеті автоматты түрде ұзартылды.

Дүниежүзілік ұйым басшысының өкілі Стефан Дюжаррик Зеленский БҰҰ үшін Украинаның көшбасшысы болып қала беретінін айтылды.

Кремль Ресей Зеленскийдің өкілетінің заңдылығына қатысты ұстанымын 21 мамырға таяу жариялайтынын хабарлады.

«Президент Зеленский - біз үшін Украинаның мемлекет басшысы және Украина басшысымен байланысу қажет болғанда сөйлесетін адам болып қала береді», - деді дүниежүзілік ұйым басшысының өкілі.

Владимир Зеленский 2019 жылы Украинаның президенті болып сайланды, сол жылы 20 мамырда ол қызметке кірісті. Мемлекет басшысы бес жыл мерзімге сайланады, сайлау 2024 жылдың наурызында өтуі керек болатын.

Пікірлер