Өзбекстан Иранға көмек көрсетуге толық дайын екенін жеткізді

1404
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі Иран президенті Ибрагим Раиси тікұшағының апатқа ұшырауына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі Иран Ислам Республикасының президенті Ибрагим Раиси мінген тікұшақтың апатқа ұшырағаны туралы хабарды қатты алаңдаушылықпен қабылдағанын хабарлады.

Осы хабарламаға сәйкес, Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрлігі тікұшақ жолаушылары, оның ішінде Иранның жоғары лауазымды өкілдерінің тағдыры туралы ақпаратты мұқият қадағалап отыр.

«Барлық жолаушылар жақын арада аман-есен табылады деп шын жүректен үміттенеміз, өзбек жұрты қажет болған жағдайда ирандық достарымызға көмек көрсетуге толық дайын екенін білдіреді», - делінген Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Пікірлер