ҰҚК Қырғызстандағы тәртіпсіздіктерден кейін мәлімдеме жасады

1108
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бішкекте болған жаппай тәртіпсіздікке байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

ҰҚК Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.  Сондай-ақ БАҚ-та шекарадағы жағдай туралы жалған ақпарат тарағанын жеткізді.

«Екі ел шекарашылары Бішкек қаласындағы жағдай туралы үздіксіз ақпарат алмасып отыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Бішкек қаласындағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін пәкістандық студенттер тобының Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды»,—деді комитет өкілдері.

Айта кетейік, 18 мамырға қараған түні Бішкекте жаппай тәртіпсіздік болып, 29 адам зардап шекті.

Пікірлер