Халық өтемақы күтуде. Құлсары қаласындағы үйлердің құны қанша?

1254
Adyrna.kz Telegram
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары ауылының тұрғындары бұған дейін уәде етілгендей әр шаршы метрден 200-250 мың теңгеден емес, 400 мың теңгеден шығынның есептелуін талап етуде. «Адырна» ұлттық-порталы ауылдағы жылжымайтын мүлік нарығын зерттеді.

«Крыша» жылжымайтын мүлік сату сайтына мониторинг жүргізу барысында Құлсары қаласындағы жеке тұрғын үйлерді сату туралы 190 хабарландыру жарияланғаны анықталды.

Сайтта ең ескі хабарландыру 2024 жылдың 9 мамыры жарияланған.

Үйдің жағдайы мен жөндеу сапасына қарай бір шаршы метрдің бағасы 150-200 мың теңге аралығын құрайды.

2024 жылғы 16 мамырындағы соңғы жарияланған хабарландырулар да шаршы метрдің бағасы  150-200 мың теңге аралығында болды.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мүлкі бүлінген деп танылғандарға өтемақы Құлсары қаласында шамамен 200-240 мың теңгені құрайтын нарықтық бағамен төленетінін хабарлаған болатын. Дегенмен, тұрғындар 400 мың теңгеден шығынның есептелуін талап етуде.

Пікірлер