Әдепсіз қылық көрсетіп, балағат сөздер айтатын әртістер жазаланады - министрлік

1077
Adyrna.kz Telegram
Фото: Stera Info
Фото: Stera Info

Мәдениет және ақпарат министрлігі әртістердің концерт кезіндегі әдепсіз әрекеті үшін жауапкершілік енгізуді ұсынды. Министрліктің бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәдени іс-шара барысында көрермендермен қарым-қатынас жасау кезінде өнер қайраткерлерінің жөнсіз мінез-құлық танытуына, көрермендерге балағат сөз сөйлеп, әдепсіз қылық көрсетуіне, алкогольдік ішімдік ішіп, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуына, сондай-ақ психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын қабылдауына жауапкершілік енгізілмек.

Мәдениет министрлігі мас күйінде сахнаға шыққан әртістерге айыппұл көлемін де белгіледі.

Мұндай қылықтары үшін:

Жеке тұлғаларға 150 АЕК (553 800 теңге)

Заңды тұлғаларға 300 АЕК (1 млн 107 600 теңге) Осындай әрекеттер қайталанған жағдайда:

Жеке тұлғаларға 200 АЕК (738 400 теңге)

Заңды тұлғаларға 600 АЕК (2 млн 215 200 теңге)

Пікірлер