Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.
ПД басшысы Аян Дүйсембаев пен бүкіл қауіпсіздік блогы орнынан кетті.
Облыстық полиция бастығынан кейін облыстың бас прокуроры Руфат Құттықов пен ҰҚК басшысы Марат Әбділманов қызметінен босатылды.
Басылымның мәліметінше, кадрлық ауыс-түйіс Мағзұм Мырзағалиевтің «ҚазМұнайГаз» басшысы қызметінен кетуіне қатысты болып отыр. Сонымен қатар елдің батысындағы мұнай өнеркәсібіндегі жағдаймен байланысты.
Orda.kz хабарлағандай, арнайы тексеру барысында мұнай сервисі мен тау-кен өндіруші кәсіпорындардың басшылары жұмысшыларды ереуілге жиі итермелейтіні анықталған. Сондай тәсіл арқылы қажетті келісім-шарттарды жеңіп алады. Осыған байланысты Мырзағалиев қана емес, Маңғыстау облысы бойынша полиция департаменті, прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік департаментінің басшылары да қызметінен босатылған.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз