Ақтауда өзін-өзі өртеп жіберген азаматпен бірге жұмыс істеген әріптестері болған жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.
Желіде тараған бейнеде әкімдікке арызданушылар бірнеше адам болғанын көруге болады. Серіктестік қызметкерлері айтқандай, олардың өтініштерін аудан әкімі тыңдамаған. Олар да «ҚазМұнайГазға» жұмысқа тұруға өтініш білдірген.
Ал 5 желтоқсанда олар облыс әкімдігінің шенеуніктеріне Астанадағы жоғары тұрған органдарға шағымданатындарын ескерткен. Кейіннен өтініші әкім құлағына жетпеген тұрғын өзін-өзі өртеп жіберген.
“Біз жағдайдың бұлай өзгеретінін күткен жоқпыз. Оқиғаға өкінеміз. Туған-туыстарынан да кешірім сұраймыз”, - дейді зардап шеккен азаматтың әріптестері.
Жәбірленушінің қазіргі жағдайы әлі де өте ауыр күйде.
Айта кетейік, 5 желтоқсан күні Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратының жанында ер адам өзін-өзі өртегенін хабарлаған болатынбыз.