Мәжіліс депутаты істі болған ұлына алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жоғарғы сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Болат Нұрасылға қатысты үкімді кеше өзгерткен болатын.
«Сот шешімі бар, бірақ ата-ана ретінде әрқашан ұлым үшін алаңдаймын», - деп жауап берді Дәулет Тұрлыханов Мәжіліс алаңында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Депутаттың ұлы өткен жылдың 11 ақпанында заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Черновты соққыға жыққан болатын. 2023 жылдың 9 қазанында Алматы қалалық әскери сотында Нұрасыл Болатқа қатысты сот үкімі шыққан.