Тұрлыхановтың істі болған ұлы. Жоғарғы сот бұрынғы үкімді өзгертті

1022
Adyrna.kz Telegram
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

14 мамыр күні Жоғарғы сот алқасы ерлі-зайыпты заңгерлер Черновтарға шабуыл жасаған Болат Нұрасылдың ісін қайта қарап, оған жаңа жаза тайындады.

2023 жылдың қазан айында депутаттың ұлы Болат Нұрасыл адвокаттарды соққыға жыққан. Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен оған 500 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Одан бөлек, жәбірленушілердің пайдасына әрқайсысы 500 мың теңге моральдық шығын және өкілдің қызметіне 1 600 000 теңге өндірілген. Дегенмен ерлі-зайыптылар жазаға риза еместігін мәлімдеді.

“Оған пробациялық бақылауды қамтамасыз ету жүктелген. Демек ол шетелге шыға алмайды, клубтар мен барларға бара алмайды, ішімдік ішіп, басқа да қылмыстарды жасай алмайды. Пробация қызметіне хабарлап, сағат 23.00-де үйде болуы керек. Егер ол осы шарттарды бұзса, сот шартты жазаны нақты мерзімге ауыстырып, ол жазасын колонияда өтейді", - деді Анна Чернова.

Болаттан жәбірленушілердің пайдасына апелляциялық сатыдағы сотқа қатысу үшін өкілдің қызметіне 400 000 теңге көлемінде шығын өндірілді.

“Қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілерін өзгертіп, Болатқа 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ әрқайсысына 1 миллион теңгеге дейін моральдық залалдың өтемақы мөлшері өсті”, – деп мәлімдеді Жоғарғы сот.

Пікірлер