Аса қатігездікпен адам өлтірген Бишімбаев сотта әділ жазасын алды

2431
Adyrna.kz Telegram

Әйелін қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қуандық Бишімбаевтың соты бойынша алқабилер үкім шығарды.

Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды: аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру); қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).

Ал Бақытжан Байжанов қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылды, ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.

 

Пікірлер