Лондонда Қазақстан азаматы адам өлтірді деген күдікке ілінді

1444
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандық азамат Бейбіт Баймолда Лондонда ер адамды өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы TSC News-ке сілтеп.

«Крэнстон Гарденс E4 мекен-жайында 42 жастағы ер адамның  пышақталуынан кейін 37 жастағы Бейбіт Баймолдаға адам өлтірді деген айып тағылды», - делінген хабарламада.

6 мамыр күні сағат 21.00 шамасында полицияға қоңырау түскені хабарланды. Оқиға орнына жеткен полицейлер пышақ жарақаттарымен жатқан жәбірленушіні тапты. Олардың  тиісті әрекетіне қарамастан, ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

«Адам өлтірді деген күдікпен Бейбіт Баймолда мен 33 жастағы әйел оқиға орнында ұсталды», - делінген хабарламада.

Баймолдаға қатысты айып тағылып, 33 жастағы әйел қосымша тергеуге дейін кепілмен босатылғаны атап өтілді.

Пікірлер