Индонезияда Атырауда ата-енесін өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың бейнесі тарады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Oc3VbEiOTVMyvZOwzQaQqItZLpcc3OSUQBZ91jeo.webp

 Атырау облысының 29 жастағы тұрғыны Индонезия Республикасының Ломбок аралында аса ауыр қылмыс жасаған күдікпен ұсталған сәтінен бейне жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

ҚР ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, күдікті ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген. Қылмысқа қатысты бұрынғы әйелі де анықталған. Ұсталған адамға қатысты видеожазба жарияланды.

Айта кетейік, 2025 жылдың қазан айында Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылында бір отбасы жоғалып кеткен. 

2026 жылдың қаңтарында жұбайлардың мәйіттері өздерінің үйінде табылды. Қылмыс жасаған күдікпен Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны халықаралық іздеуге жарияланған болатын.

Сонымен қатар, халықаралық іздеуге күдіктінің 30 жастағы әйелі – Ақбаян Мұқанғалиева, сондай-ақ қайтыс болған отбасының кіші қызы да тіркелген. Әйел қазіргі уақытта іс бойынша із-түссіз жоғалған адам ретінде есепке алынған.

ҚР ІІМ оқиғаның мән-жайын анықтау үшін шетелдік әріптестерімен бірлесе жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.

Пікірлер