Атыраудағы Махамбет ауылында Жайықтың суы шекті деңгейден асты

1747
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел есеп жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жайық өзеніндегі су деңгейінің 2024 жылғы 8 мамыр сағат 08:00-де (7 мамырмен салыстырғанда 8:00-де) өзгеруі келесідей:

  • Индербор ауылы + 37 см, су деңгейі - 959 см, критикалық деңгей - 845 см;
  • Махамбет ауылы + 15 см, су деңгейі - 893 см, критикалық деңгейі - 850 см;
  • Атырау қаласы + 10 см, су деңгейі - 515 см, критикалық деңгей - 550 см;
  • Жаңаталап ауылы + 5 см, су деңгейі - 368 см, критикалық деңгей - 500 см;
  • Еркінқала ауылы + 5 см, су деңгейі - 328 см, критикалық деңгейі - 450 см.

Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының Махамбет ауданында ұшқышсыз ұшатын аппараттың көмегімен визуалды тексеру жүргізуде. Мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі, жағдай қатаң бақылауда. Қосымша қорғау жұмыстары жалғасуда.

Пікірлер