Кеш Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өткізілді. Киелі сахнада Якут елінің «Ньургун Боотур» ұлттық операсы көрсетілді.
Спектакль дәстүрлі халық мәдениеті мен заманауи опера өнеріне негізделген. Қойымылмның режиссері Андрей Борисов. Ол, аталған спектальде Опера көне эпос негізіне құрылғандығын айтты. Айтуынша, қойылымда жоғарғы дүние қаһарманының зұлым күштерімен күресі баяндалады.
Қойылым көрерменнің назарын өзіне қаратып, ерекше әсерге бөледі.
– Көрермен ретінде маған өте ұнады. Заманауи емес, тарихи қойылымға адам қызығады. Киген кимі, оқыған өлеңі, аспаптары адамның қызығушылығын арттырады, – деді қала тұрғыны Сара Саипова.
Айта кетейік, мәдени іс-шара аясында Ықылас атындағы халық аспаптар музейінде «Ғасырлар үні» көрмесі ашылды. Келушілер көрмеден саха шеберлерінің қолынан шыққан ұлттық аспаптарды тамашалай алады. Аталмыш бастама екі ел арасындағы достастықты нығайтпақ.
Түбі бір түркі халықтары болғандықтан, екі елдің салт-дәстүрі де ұқсас келеді. Музыкалық аспаптарымыз, тіліміз өте ұқсас. Қымыз сусыны да бізді байланыстырады, – деді Саха республикасының Мәдениет және рухани даму министрі Афанасий Ноев.
Еске саламыз, Саха Республикасынан Қазақстанға мерекені айшықтау үшін 300-ден астам өкіл келген.