Тбилисиде полиция наразылық білдірушілерге көзден жас ағызатын спрей қолданған

1303
Adyrna.kz Telegram

Сәрсенбі, 1 мамыр күні Тбилиси полициясы екінші оқылымнан қабылданған «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» заң жобасына наразылық білдірушілерге қарсы парламент ғимаратының маңында су атқыштар мен көзден жас ағызатын шашқыштар қолданды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«NEWSGEORGIA» Telegram-арнасының хабарлауынша, «шетел агенттері» туралы заңға қарсы шеруге қатысушылар парламенттің бүйірлік қақпасын қоқыс жәшіктерімен тосқауылдаған. Шерушілердің кейбірі қоқыстарды қоршаудан асырып тастады. Полиция шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын спрей мен су атқыштарын қолданған.

Бұған қоса, расталмаған мәліметтерге қарағанда, тәртіп сақшылары демонстранттарға резеңке оқ жаудырған. Наразылық білдірген сегіз адам ауруханаға жатқызылғаны айтылды.

Пікірлер