Министр Бағдат Мусин лауазымынан босатылды

1805
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды.

Ол бұл қызметке 2020 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған.

Бағдат Батырбекұлы 1983 жылғы, Павлодар облысы Екібастұз қаласының тумасы. Сүлеймен Демирел атындағы университетті "инженер-жүйе технигі" мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын инженер-бағдарламашы болып бастап, Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" РМК АЖ сүйемелдеу бөлімінің бастығы, ҚР Әділет министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

Одан кейін ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің құрылымында басшылық қызметтерді, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Қазпошта" АҚ, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетін басқарды.

ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі болған.

Пікірлер