Мемлекет басшысы Сингапур парламентінің спикерімен кездесті

1506
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ақордада Сингапур Парламентінің спикері бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеп.

Президент Тоқаев пен Сеа Киань Пенмен кездесу барысында Қазақстан мен Сингапур арасындағы тығыз қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуді көздейтін кездесу достық рәуіште әрі нәтижелі өтті.

"Біз – уақыт сынынан өткен сенімді серіктеспіз. Өзара байланыстарды нығайту үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Дегенмен алдымызға екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған биік мақсат қойып отырмыз", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, халықаралық ынтымақтастықты арттыруда және мемлекеттер арасындағы диалогқа ықпал етуде парламенттік дипломатия аса маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, Қазақстанда бүгінде 140 сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін, олардың ел экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асқан.

Кездесу соңында Сеа Киань Пен қонақжайлық танытқан Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, екі елдің ынтымақтастығын тереңдету үшін мол әлеует бар екенін айтты.

Пікірлер