АБАЙДЫҢ ТОЙЫ «МАҚТАНШАҚ, БЕКЕР МАЛ ШАШПАҚТЫҢ» ТОЙЫ БОЛМАУҒА ТИІС...

3734
Adyrna.kz Telegram

Қуанып қалдым. Елдің имиджі осылай жасалса керек. Қазақтың ұлы ақынының өлеңдерін бүгін Ресейлік танымал продюсер, музыкант және композитор Игорь Крутой оқып, еліміздің атына жақсы лебіз білдіріп жатса, ертең ол үрдісті Димаштың қытайдағы, Франциядағы, тағы басқа елдердегі жанкүйерлері жалғастыруы бек мүмкін. Бұл тек Димашқа қатысты болмаса керек. Біздің аты әлемге мәшһүр спортшыларымыз, өнерпаздарымыз, ғалымдарымыз бен жазушыларымыз бар. Олар да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастап, Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова мен Димаш іліп әкеткен эстафетаны жалғастырса, әдеттегідей ен далаға 300 киіз үй тіктіріп, ет жеп, сорпа ішіп, ат шаптырып даңғазалап ғана өткізетін тойлардан гөрі Абайдың 175 жылдығы өзіне лайықты салмаққа ие болары анық.

Әділбек Қаба

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер