Мұқағалиға арналған тағлымды кеш өтті

142
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RELNzXL5Cbu3yuhbf5Uv12QOBd5VSQClanaD3IHX.jpg

Астана қаласындағы №100 мектепте Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған тағылымды кездесу кеші өтті. 

Іс-шараға Мұқағали Мақатаевтың туған жері Қарасаздағы музейінің негізін қалаушы, мұқағалитанушы ғалым Жұмаш Өтеевтің жары, алтын алқа иегері, зейнеткер-ұстаз Тілеухан Мергенбаева мен қызы Арай Жұмашқызы арнайы қонақ ретінде қатысты. 

Кездесу барысында «Қарасаздағы музей қалай өмірге келді?», «Қарасаздық феномен деген не?», «Мұқағали мұрасы қалай зерттеліп жатыр?» деген сынды өзекті сұрақтар кеңінен талқыланды. 

Елордаға Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылынан арнайы келген Тілеухан Мергенбаева ақиық ақынмен кездескен сәттерін әңгімелеп, көрген-білген, естіген естеліктерімен бөлісіп, тың мәліметтер ұсынды.

Шара аясында мектеп оқушылары Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқып, әндерін орындап, ақын рухына тағзым етті. Сонымен қатар, №100 мектептің 9 «Ә» сынып оқушысы Тұрсыналы Мейірман Жұмаш Өтеевке арналған арнауын оқып, көпшілікке әсерлі сәт сыйлады.

Тағылымды кеш жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке, рухани мұраға деген қызығушылығын арттырып, Мұқағали поэзиясының мәңгілік құндылығын тағы бір мәрте айқындай түсті.

Пікірлер