Жайықтың су деңгейі Тайпақ ауылы тұсында 633 сантиметрден асты

1448
Adyrna.kz Telegram
Фото: АқЖайық
Фото: АқЖайық

Батыс Қазақстан облысында Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсындағы Жайық өзенінәң су деңгейі 633 сантиметрге жетті. Бұл туралы Қазгидромет жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

29 сәуір күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәлімет бойынша су деңгейі Тайпақта бір тәулікте 27 сантиметрге жоғарылады.

Айта кетсек, қауіпті шегі – 850 см.

Жайық облыстың басқа жерлерінде саябырсып, қалыпқа түсіп келеді. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданы Январцев ауылындағы гидробекетте 844 (-10, қауіпті шегі – 1 250 см), Орал қаласында 838 (-8, 850 см), Көшімде 846 (-3, 850 см) сантиметрді көрсетті.

Батыс Қазақстанның өзге өзендерінде де су деңгейі төмендеуде.

 

Пікірлер