Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен көшет егу науқаны ұйымдастырылды

1305
Adyrna.kz Telegram

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы, «Жасыл аймақ» апталығы аясында Жезқазған қаласында 2024 жылдың 24 сәуірінде 100 тал ағаш отырғызылды.

Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен көшет егу науқанына «Наурыз» саябағында  «Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ жастары қатысты.

Мақсат - қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, қаланы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру.

Ұлттық волонтерлар желісі Ұлытау облыстық филиалының жетекшісі Дарын Төлеубай тұрғындарды акцияға атсалысуға шақырды. «Қаламыздың көгалданып, абаттануы үшін өткізіліп жатқан акцияға тұрғындарды белсенді атсалысуға шақырамын. Сонымен қатар ағаштарды сындырмауға, күтіп-баптауға, қолдарыңыздан келгенше үйлеріңіздің алдына ағаш отырғызып, оларды суарып тұруға кеңес беремін!» деді Дарын Төлеубай.

Атап өтейік, 27 сәуір қала бойынша 9000-дай түп ағаш отырғызу жоспарлануда.

Пікірлер