Қарағандыда депутаттар мен еріктілер су айдындарын тазарту жұмыстарына қатысты

1197
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда "Таза бұлақ" экологиялық акциясы өтті. Оған 500-ден астам адам қатысты. Еріктілер, ардагерлер, депутаттар, оқушылар мен табиғатқа жанашыр қарағандылықтар Бұқпа өзені және Федоров су қоймасының жағалауын қоқыстан тазартты.

Білім беру саласының ардагері Өзбек Бимедин № 76 және 8 жалпы білім беретін мектеп оқушыларын осы науқанға жұмылдырды. Қария бұл акция қоршаған ортаны болашақ ұрпақ үшін сақтауға деген ұмтылыс. Сондай-ақ қала тұрғындарының басын біріктіретін бірегей жоба дейді.

Қаланың жастар ресурстық орталығының басшысы Якуб Джамалов тұрғындарды жауаптылық танытуға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырды. Ол қаланың тазалығы мен жайлылығы әрқайсымызға байланысты екенін атап өтті.

Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Әр апта белгілі бір атаумен өтеді.  Бұл жетікүндік "Жасыл аймақ" деп аталады және ағаш егуге, аумақты көгалдандыруға арналған.

Пікірлер