Жайық өзенінің деңгейі тағы да көтерілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша 23 сәуірде сағат 8-де гидрологиялық мониторинг жүргізді. Нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы аумағынан келетін су ағынының салдарынан Жайық өзенінде күндізгі уақытта су деңгейі көтерілгені анықталды.
Индербор кентіндегі Жайық өзенінің өлшеу стансасында – су деңгейі шамамен 587 см, су деңгейінің көтерілуі +5 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 364 см екені тіркелген. Ал Махамбет кентінде – су деңгейі 710 см шамасында, көтерілу деңгейі + 4 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 393 см, Атырау қаласындағы өлшеу стансасында 418 см. деңгейінің тәулігіне +6 см көтерілуі су тасқынының басынан бері 227 см.
«23 сәуірдегі жағдай бойынша, Ирикла су қоймасынан су төгу 252 м³/с», - делінген хабарламада.
«Қазгидромет» РМК-ның Атырау облысы бойынша гидрологиялық мониторинг деректері бойынша Қиғаш және Шаронов арнасында, Еділ өзені алабында су деңгейінің жоғарылауы байқалатынын мәлімдеді.
Қиғаш және Шаронов арналарында су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.