Ақмола облысында екі мектеп оқушысы суға батып кетті

4181
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысында екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облыстың ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 25 мамырда болған. Қайғылы оқиға туралы хабарлама Аршалы ауданының әкімшілігіне 17.23-те түсті.

Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, 2013 жылы туылған бірінші сыныпта оқитын екі баланы N42 разъезд станциясынан 200 м қашықтықта су басқан жерде батып кеткенін анықтады.

"Мән-жайды нақтылау кезінде, сондай-ақ куәгерлермен (марқұмның әкесі) әңгімелесу кезінде үйден үш баланың сұранбастан шығып, жоғарыда аталған аймаққа шомылуға кеткені анықталды. Кешкі сағат 16.30 шамасында кіші ұлы үйге жүгіріп келіп, әкесіне бауырларының көмек сұрағанын хабарлады. 16.55-те әкесі оқиға орнына жеткенінде ұлының жан тәсілім еткенін аңғарған. Кейіннен Нұр-Сұлтан «ОСО» ТЖМ-нің қызметкерлері суға батқан адамның жиенін судан алып шықты,  делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер