Абай өлеңдерін оқу эстафетасы қыза түсті 

4108
Adyrna.kz Telegram

Президенттен эстафетаны қабыл алды ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елімізде Шығыс пен Батыстың мәдениетін, өркениетін жетік білген дара тұлға Абайдың 175 жылдығы қарсаңында ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы басталғаны белгілі. Мемлекет басшысы Абай өлеңдерін оқу эстафетасын білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған болатын. Өз кещегінде Димаш Құдайберген де эстафетаны қабыл алды.

https://www.instagram.com/p/Bzv9w9bAZIO/

 

ҚР Мәдениет және спорт министрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан эстафетаны қабылдап, ұлы Абайдың "Құлақтан кіріп, бойды алар" өлеңін оқыды.  Өз кезегінде ведомства басшысы эстафетаны Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетке және Қазақстанның Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке, сонымен қатар еліміздің мәдениет, өнер, спорт қайраткерлеріне және майталман жастарына жолдады.

 

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын алғашқылардың бірі болып М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Кенжехан Матыжанов қабылдап алды.

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жастары Ұлы Абай әндерін орындау эстафетасын барлық ғылыми, мәдени және оқу мекемелерінің жастарына жолдайды. Осыған дейін, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан эстафетаны қабыл алған еді.  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған эстафетаны қабыл алды.

Эстафетаның мақсаты - қазақтың ұлы ақынының шығармаларынан үзінді оқу.  Министр эстафетаны білім және ғылым саласындағы мамандарға, мұғалімдерге, ЖОО ректорларына, сондай-ақ, оқушылар мен студенттерге жолдады.  Айта кетейік, Тоқаев осы эстафетаны Ләйлім Шырақ есімді қыздан қабыл алып, Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған еді.

https://www.instagram.com/tv/BzsknlnBloN/?utm_source=ig_embed

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер