Биыл Алматы қаласы  7 бірдей  шетелдік туристік көрмеге қатысады

848
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы қалалық әкімдікте мәлімделі, деп жазды «Адырна» тілшісі.

Көркем табиғатымен әлемге әйгілі Алматының туристік әлеуеті жоғары. Шаөардың келбеті мінсіз, келуші туристер саны жыл сайын арты келеді. Әйткенмен, мұндай көрмелерге қатысу, Алматыны халықаралық нарықта туристік дестинация ретінде ілгерілетудің маңызды құралы, дейді мамандар.

Шетеледік көрмеге қатысу бірінші кезекте қаладағы туристік мүмкіндіктер мен көрікті жерлерді әлемге танытуға мүмкіндік береді.  Сонымен қатар, халықаралық туроператорлармен, қонақүйлермен, авиакомпаниялармен және туристік индустрияның басқа мүшелерімен байланыс орнату біршама жеңілдейді. Бұл серіктестіктің дамуына және болашақ ынтымақтастық үшін байланыс желісін құруға ықпал етеді. Сондай-ақ, индустриядағы үздік тәжірибелер туралы білу, үрдістерді қадағалау және Алматыда туристік тәжірибені жақсарту үшін жаңа идеяларға көз жүгіртіп, тәжірбиеде қолдануға таптырмас мүмкіндік сыйлайды.

Мұндай бастамалар өңірдің әлемдік туристік картадағы позициясын нығайтуға және туризм индустриясын дамыту арқылы экономикалық өсуге ықпал етеді.

Алматы Қазақстанда шетелдік туристерді қабылдау бойынша көшбасшы қала екені сөзсіз. Соңғы үш жылда қалаға 989 мыңнан астам шетелдік туристер келген. Бұл республикалық көрсеткіштің 47,3%-ын құрайды.

 

 

 

 

 

Пікірлер