«Қазселденқорғау» мекемесі «Ақсай» бөгетіне қатысты мәлімдеме жасады

1408
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Қазселденқорғау
Сурет: Қазселденқорғау

Бүгін, 12 сәуірде «Қазселденқорғау» «Ақсай» селді ұстау бөгетінің құрылысына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мекеме басшысы Арман Ахметовтің айтуынша, алматылықтардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Қазіргі уақытта мореналық көлдер қысқы режимде, көлдің жарылу қаупі жоқ»,—деді ол.

Сондай-ақ Ахметов нысанның құрылысы тоқтатылғанын атап өтті.

«Ақсай» селді ұстау бөгетінің мақсаты — сел аймағында орналасқан халықтың өмірін пен шаруашылық нысандарын қорғау. Қазіргі уақытта мердігер өз міндеттемелерін орындамағандықтан нысанның құрылысы тоқтатылып, тиісті келісімшарт бұзылған. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арыновтың бастамасымен  ҚМА-ға процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті материалдарды тапсырдық. Сел қаупі аймағында 30 мыңнан астам адам бар»,—деді «Қазселденқорғау» басшысы.

Пікірлер