Лифт ішінде зорлық құрбаны бола жаздаған жасөспірімнің анасы сот үкімімен келіспейтінін айтты

2830
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда лифт ішінде зорлық құрбаны бола жаздаған жасөспірімнің анасы сот үкімімен келіспейтінін айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Еске сала кетейік, Қарағандыда 24 жастағы ер адам 14 жастағы қызға лифт ішінде азғындық жасаған. Ол қызды пәтеріне шақырып, бетінен сүйген, әрі лифттен шығармай қойған. Оның бұл әрекеті бейне бақылау камерасына түсіп қалған болатын.

Кейін күдікті ұсталып, "Бұзақылық" бабымен 3 тәулікке қамауға алынды.

Жәбірленушінің анасы болған жағдайдан кейін қызының психологиясына зақым келгенін айтады. 

"Қызым зорлықтың құрбаны болды. Есеңгіреп қалған. Қазір подъезге шығуға қорқады. Лифтіге кіреді, бірақ тіпті еркектерден қорқатын болған. Жылайды. Ол өзге адамдармен лифтіге кіруге болмайтынын біледі, алайда ол артынан жүгіріп келген", – деді анасы Альмира Әбдікәрімова. 

Полиция ер адамның сол подъездің бесінші қабатында тұратынын анықтаған. Кейін жергілікті тұрғындар күдіктіні тауып, кешірім сұратқан. Мәлім болғандай Қарағандыға Түркістан облысынан келген, әйелі мен балалары бар. Видеода ол қызды пәтерге шақырғанын және "арам ойы болғанын" мойындады. 

"Үйге шақырдым. Арам ойым болды, мойындаймын. Бұл – шындық. Мұны жоққа шығармаймын, барлығын мойындаймын", – дейді ол. 

Сот үкімімен ер адам үш тәулікке ғана қамалды. Себебі күдікті лифт ішінде физикалық күш көрсетпеген. Алайда жасөспірімнің анасы шешіммен келіспейді, енді қайта арыз түсірмек. Ол жазаны қатаңдатуды сұрап отыр. Ал ер адам басқа жаққа көшіп кеткен. 

Пікірлер