Қызылорда облысында «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық акциясы өтті

2745
Adyrna.kz Telegram

Бүгін ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, Қызылорда облысында «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық акциясына  қаладағы барлық мекеме ұжымдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, волонтерлар, қоғам белсенділері мен жастар және тұрғындар белсенді қатысуда.

Тұрғындар өз аулаларын, кәсіпкерлер мен еңбек ұжымдары аумақтарды, мердігерлік ұйымдар бағдаршам объектілерін, аялдама павильондарын, жол белгілері мен қаланың көше-жол желісінің басқа да инфрақұрылымын тазалау, жуу мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Бұған дейінгі облыс әкімінің бастамасымен жарияланған екі айлық сенбілікте ескі арық көздері аршылып, негізгі каналдар тазаланды. Бұл жұмыстармен қатар, 8 000-ға жуық тал көшеттері отырғызылды.
Биыл 35 мың түп саялы ағаш егуді жоспарлануда. Егілген жас өскіндерге арнайы құрылған «Жасыл-Қызылорда» мекемесі күтім жасайды. Басты мақсат – қаланы таза әрі жасыл желекке айналдыру.

Сондай-ақ, қала аумағынан 2 гектарды құрайтын жер аршылып,
3 тұқым бағы дайындалуда. Қазіргі таңда осы жерлерге су жолдары жүргізіліп, 50 мың түп қаламша отырғызылды. Әлі 15 мыңнан астам тал көшеттерін егіледі. Қызылорда-Астана бағытында салынып жатқан басты жолдың қос қапталына да тал көшеттері отырғызылып, жасыл белдеу қалыптастырылады.

Жалпы қалада 828 көше бар. Оның 164 көшесі жарықтандырылған. Осы жылы қосымша 54 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Оларды күтіп-ұстау жерілікті бюджет арқылы жүзеге асырылуда.

Қала бойынша 254 аялдама бар. Биылғы жылы жаңадан 10 аялдама орнатылады. Бұл аялдамаларға жеңімпаз мердігер мекеме күнделікті  жуып, тазалық шараларын жүргізеді.

Облыс орталығындағы 52 сквер-аллея ерекше күтімде. Бұл орындарға жеңімпаз мекеме тарапынан тазалық, әрлеу-сырлау жұмыстары жүргізілуде.

Қала көлемінде аяқ су жүретін негізгі 12 канал бар. Одан бөлек, қалаішілік арық жүйелері қалыптасқан. Бұл каналдар мен арықтарды аршу, тазалау жұмыстарына жаңадан құрылған «Жасыл Қызылорда» мекемесі жауапты. Сонымен қатар, дарияға орнатылған 8 насос қондырғысы мен
33 жер асты су ұңғымалары арқылы қалаға аяқ су берілуде.

Өткен жылы облыс әкімінің үйлестіруімен, демеушілердің қолдауымен көпқабатты 26 үйдің қасбеттері панельді қаптамалармен қапталды. Биыл облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа көпқабатты 32 үйдің қасбеттері қапталып, жаңалануда.

Бұдан бөлек, былтыр облыстық бюджет арқылы және демеушілердің есебінен көпқабатты 18 тұрғын үйдің ауласы абаттандырылды. Биылғы жылы жалпы саны 48 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы жаңғыртылады.

 

Пікірлер